Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ДДҰ әлемдегі коронавирус жағдайына баға берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі коронавирус жағдайына баға берді. ДДҰ мәліметінше, әлемде коронавирус инфекциясының жаңа жағдайлары мен COVID-19 құрбандарының саны азайып келеді.

ДДҰ әлемдегі коронавирус жағдайына баға берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлемде тіркелген жаңа жағдайлар саны алтыншы апта қатарынан төмендеп келеді: өткен аптада 2,4 миллион жаңа жағдай тіркелді, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 11 пайызға аз. Соңғы үш аптада өлім саны да төмендеп жатыр: өткен аптада 66 мыңға жуық адам көз жұмды, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 20 пайызға аз.

Алайда ДДҰ мәліметінше, коронавирустың жаңа штамдары тарауын тоқтатар емес. Мысалы, "ұлыбританиялық" штамм 101 елде анықталды (алдыңғы аптаға қарағанда жеті елге көп), "Оңтүстік Африка" штамы - 51 елде (+ бес ел), ал "бразилиялық" штамм - 29 (+ сегіз ел).

Ұйым мәліметіне сәйкес, әлемде 15-21 ақпан аралығында бір апта ішінде 2 457 026 жаңа жағдай және 66 359 өлім тіркелген.

Еске салайық, Қазақстанда кейінгі тәулікте 753 адам коронавирус жұқтырды. Жалпы елде 209 562 жағдай расталған.

Қазір оқып жатыр

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ