Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ДДСҰ: Жарты миллион украиналықтың жүйкесі сыр берген

Украинадан Польшаға келген украиндықтардың психикасына зақым келген.

ДДСҰ: Жарты миллион украиналықтың жүйкесі сыр берген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Украинадан Польшаға келген жарты миллион босқынның психикалық саулығына зақым келген. Бұл туралы поляк мемлекетіндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, 30 мың украиналық ауыр менталды сырқатқа шалдыққан. Дәрігерлер босқындар арасында іш өту және ағзаға су жетіспеушілік белең алғанын алға тартады. Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Босқындар ісі жөніндегі агенттіктің хабарлауынша, Украинадан 3 жарым миллионнан астам адам бас сауғалап, шетелге өткен. Оның 2 миллионнан көбі Польшаны паналаған.

Мэттью Салтмарш, БҰҰ босқындар агенттігінң ресми өкілі:

- Украинаның өзі ішінде 6 жарым миллион адам тұрғылықты, үйреншікті жерін ауыстыруға мәжбүр болған. Мұндай көші-қон дағдарысы бұрын-соңды болмаған. Шетел асқан босқындар саны 4 миллионға жетуі мүмкін. Біз барлық жағынан қолдау көрсетуге дайынбыз.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел