Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ДДСҰ: Жаппай вакцина салу әзір басталмайды

Әлемде коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салу 2021 жылдың ортасына дейін бастала қоймайды.

ДДСҰ: Жаппай вакцина салу әзір басталмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері хабарлайды. Айтуларынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның ешбірінің тиімділігі 50%-ке де жетпесе керек. Сол себепті екпенің қаншалықты қауіпсіз әрі тиімді екеніне көз жеткізу үшін клиникалық сынақтың үшінші кезеңіне көбірек уақыт керек болып отыр. Вакцина демекші, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны бөліп таратумен айналысатын жаһандық альянс құрады. Оған 76 мемлекет кіруге дайын екенін растаған.

Альянс коронавирусқа қарсы екпенің түрлі елдер арасында тең үйлестірілуін бақылайды. Сондай-ақ оның ең алдымен осал топтарға салынуын қадағалайды. Жобаны оған кіретін елдердің үкіметі қаржыландыруы тиіс. АҚШ альянсқа қосылмайтынын бірден айтты. 

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.