USD
USD
USD

ДДСҰ: Жаңа вирус 22 елге тарап үлгерді

Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген түрі Еуропаның 22 еліне тарап үлгерді.

ДДСҰ: Жаңа вирус 22 елге тарап үлгерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағы бюросының басшысы Ханс Клюге мәлім етті. Оның айтуынша, жаңа штамм кез келген жастағы адамдардан анықталған. Сондықтан ол бүкіл әлемге тарап, Ұлыбританиядағыдай басты коронавирусқа айналу қаупі бар. Еске сала кетейік, коронавирустың өзгерген түрі Ұлыбританияда өткен желтоқсан айында тіркелген болатын. Жаңа штамм алдыңғы коронавирусқа қарағанда адамдарға тез жұғатыны анықталған. Әлемнің көптеген елі корольдікпен әуе қатынасын тоқтатып, бұл елдерден келген адамдарды қатаң тексеруге кірісті. Дегенмен ұйым вакцинаға көп үміт артып отыр.

ДДСҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге: "Коронавируспен күресте ұжымдық иммунитет маңызды рөл ойнауы тиіс. Бірақ бұл нәтижеге жетпес үшін алдымен вирустың таралуын азайту қажет. Себебі вакцина дертке қаншалықты ұзақ тосқауыл қоя алатыны әлі беймәлім", – деді. 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян