USD
USD
USD

ДДСҰ вирустың шығу себебін тексеруді бастамақ

14 қаңтар күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) халықаралық сарапшылары COVID-19 вирусының шығу себептерін тексеру үшін Қытайға барады.

ДДСҰ вирустың шығу себебін тексеруді бастамақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство ақпаратына сәйкес, тараптар арасында өткен кеңестерден кейін халықаралық сарапшылар тобы 14 қаңтарда Қытайға барып, онда «қытайлық ғалымдармен бірге коронавирустың жаңа үлгісінің шығуын анықтау бойынша бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізеді».

Өткен тәулікте Қытайдың материктік бөлігінде коронавирус жұқтырудың жаңадан 103 оқиғасы тіркелді, соның ішінде 85 адам шетелге шықпаған жергілікті тұрғындар.

Бұл ретте жергілікті оқиғалардың көбі Хэбэй провинциясының локдаун енгізілген екі ірі қаласында – Шицзячжуан мен Синтайда (82) анықталған.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, ҚХР-дың материктік бөлігінде коронавирус жұқтырғандардың 93,93 пайызы емделіп шықты. 2019 жылдың желтоқсан айынан бері ауру жұқтырғандардың саны 87,5 мың адамнан асты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy