USD
USD
USD

ДДСҰ вакцинаны әділ бөлейік дейді

Коронавирусқа қарсы вакцина барлық елге теңдей бөлініп жатқан жоқ. Мәселен, кедей елдерге екпе жетпей отыр.

ДДСҰ вакцинаны әділ бөлейік дейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қақты. Бұл әлемдегі теңсіздікті одан әрі ушықтырып жіберуі мүмкін. Барлық мемлекеттер вакцинаны тең бөлу қағидатын қолдағанымен, кезектен тыс өту үшін кейбір елдер мен компаниялар екіжақты келісімдер жасауды жалғастырып жүр.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус: "Алғашқы вакциналар жеткізіле бастағаннан бері оның әділ бөлінетінінен үмітіміз сейіле басталды. Қазіргі кезде табысы жоғары 49 мемлекетке вакцинаның 39 миллионнан аса данасы жеткізілді. Ал табысы ең төмен бір елге 25 дана әкелінді. 25 миллион да емес, 25 мың да емес, тек 25 дана ғана. Тура айтайын, әлем адамгершілік жағынан масқара болуға бір қадам тұр" деді.

Қазір оқып жатыр

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары