USD
USD
USD

ДДСҰ: Үндістанда шыққан коронавирустың жаңа штамы өте қауіпті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістанда шыққан коронавирустың жаңа штамын қауіпті деп танып, індеттің ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдіреді.

ДДСҰ: Үндістанда шыққан коронавирустың жаңа штамы өте қауіпті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамандардың айтуынша, аурудың бұл түрі өзгелерге қарағанда тез тарайды. Бүгінде Үндістанның өзінде коронавирус індетінің ушығуы шарықтау шегінде тұр. Аймақта тіркеліп жатқан өлім-жітім көрсеткіші күн өткен сайын артып барады. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, көз жұмғандардың саны ресми статистикадан бірнеше есеге артық. Мамандар мәйіттерді кремациялауға үлгермей жатыр. Соңғы кездері елдің солтүстігіндегі Ганга өзенінің жағалауында қаза тапқан жүздеген адамның мәйіті табылып жатыр. Жергілікті тұрғындар аймақтағы жағымсыз иіске шағымдана бастады. Ақпарат көздері елдегі кремация құнының қымбаттығынан халық марқұмдардың денесін өзенге тастай бергенін хабарлайды. Осы оқиғаға қатысты полиция тергеу ісін бастап кетті. Енді жергілікті билік табылған мәйіттердің денесі тиісті түрде кремацияланып, жерленетініне уәде берді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер