USD
USD
USD

ДДСҰ: Украинаға гуманитарлық дәліз ашу керек

 Украинаға шұғыл түрде гуманитарлық дәліз ашылу керек.

ДДСҰ: Украинаға гуманитарлық дәліз ашу керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осылай дейді. Айтуларынша, қазір елдегі ауруханаларда оттегі баллондарының тапшылығы өткір сезіліп отыр. Өйткені оларды өндіретін кәсіпорындар жабылып қалған. Қазір ұйым өкілдері оттегі баллондарын көрші елдерден жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сондай-ақ халықаралық бірлестік өкілдері әскери операция басталмай тұрып Украинаның 23 емханасына медицина материалдары жеткізілгенін айтады. Алайда Киев қоймаларында сақтаулы тұрған заттарды қазіргі жағдайға байланысты қолдану мүмкін емес дейді.

Ярно Хабихт, ДДСҰ Украинадағы өкілі:

– Украинада оттегі баллонын өндіретін 3 зауыт жабылып қалды. Басқаларында бұл заттың қоры болуы мүмкін. Алайда қазіргі жағдайда оларды ауруханаларға жеткізуге дайын жүргізушілерді табу қиын. Оттегі баллондары өз алдына, кейбір ауруханаларда қазір, тіпті жарық та жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

.

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Жаеуарларға қатыгездік таныту

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Заң

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Автомектеп