USD
USD
USD

ДДСҰ «түтіннен қашуға» шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі 1,3 миллиард адамға темекіні қойдыру арқылы коронавирустың қаупін сейілтуге күш салмақ. Мұндай бастаманы 10 шілде күні ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус көтерді.

ДДСҰ «түтіннен қашуға» шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бастаманың мақсаты – темекі шегушілерді жаман әдеттерден арылту. Негізгі күш – «Флоренс» цифрлық дәрігерінде. Ақпаратқа сенсек,  оған кез-келген адам кез-келген уақытта қол жеткізе алады. Цифрлық дәрігер темекіні тастауға қатысты кеңестер береді. Сонымен қатар, тұрмыстық техниканы өндіретін Johnson & Johnson компаниясы мұқтаж адамдар үшін 40 000 никотин пластырь таратпақ.

Гебрейесустың айтуынша, темекі зардабынан жыл сайын 8 миллион адам қайтыс болады. Оған қоса, темекі шегетіндердің темекі шекпейтіндерге қарағанда коронавирусқа осал келетіндігі ғылыми тұрғыда дәлелденген.  

Алғашқы кезеңде бұл бастама Иорданияда қолданысқа еніп, кейін әлемнің өзге елдерінде жалғасын таппақ.

Иордания ханшайымы, Халықаралық онкологиялық одақтың президенті Дина Аль-Миред «Темекінің ешқандай пайдасы жоқ. Өкпе мен жүректі зақымдайды. Әрі қалтаны жұқартады» дейді. Сондай-ақ, ол темекі  адамның COVID-19 індетіне қарсы тұру мүмкіндігін шектейді деп есептеді.

Қаңтардың аяғында ғалымдар темекіні тастау ағзаның сау жасушаларын қуаттандыруға және өкпе рагының мутациясын жоюға жәрдемдеседі деген болатын.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу