USD
USD
USD

ДДСҰ: Шыдамдылық танытуға тура келеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус әлемдік қауымдастықты коронавируспен күресте уайымға берілмей, мейлінше шыдамды болуға шақырды.

ДДСҰ: Шыдамдылық танытуға тура келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сақтық шараларын шыңдау арқылы қауіпті вирустан арылу мүмкін екенін де еске салды. ДДСҰ дабыл қағатындай жөні бар. Вирус қайра қарқын алды. Айта кетейік, өткен тәулікте қауіпті инфекцияға шалдыққан науқастардың саны пандемия басталғалы жаңа рекорд орнатты. Қазір Еуропа мен Солтүстік Американың кей ауруханаларында бос орын жоқ.   ДДСҰ басшысыТедрос Адханом Гебрейесус: "Үйден жұмыс істеу, қашықтан білім алу, отбасылық мерекелердің атап өтілмеуі және жақындарымыздың жерлеу рәсіміне қатыса алмау бәрімізді де қажытты. Алайда бір жағдайға түсіністікпен қарауымыз керек. Шыдамдылық танытуға тура келеді. Өзге амал жоқ", - деді. 

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты

Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Өрт сөндіру

«Ресей үшін қуандым»: Тоқаев Путинді Қытайдағы саммит қорытындысымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты