Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ДДСҰ: Шектеу шараларынан пайда жоқ

 Коронавирустан сескеніп, әуе сапарларын шектеу ешқандай пайда бермейді.

ДДСҰ: Шектеу шараларынан пайда жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Керісінше, өз қолымызды өзіміз кескендей боламыз. Экономиканы да тежейді, әлеуметтік жағдайға да кесірін тигізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп мәлімдеді. Мамандар жолға шыққан елге кедергі жасамау керек дейді. Өйткені құр шектеумен вирусты жеңу мүмкін емес. Оған омикронның тез таралуы дәлел. Ұлыбритания омикронға байланысты шектеулерді алатынын хабарлап та үлгерді. Бұл туралы Премьер Борис Джонсон мәлімдеді. Сөйтіп Англияда келесі аптадан бастап кей қоғамдық орындарда ковид-төлқұжатты көрсету қажет емес. Бетперде тағу да міндетті болмайды.

Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид: "Шектеуді алу коронавирустан құтылдық дегенді білдірмейді. Себебі біз оны толық жойып, басқасының пайда болмауына ықпал ете алмаймыз. Сондықтан бұл кеселге тұмау сияқты бірте-бірте бой үйретіп, соған бейімделуге тура келеді", – деді. 

 Айта кетейік, Ұлыбритания былтыр желтоқсан айында омикроннның таралуына байланысты әлемде алғаш болып шектеулерді қатаңдатқан болатын. Қазір мұнда, бір қуанарлығы вирус жұқтырғандар саны артқанмен ауруханаға түскен науқастар мен өлім-жітім көрсеткіші өспеген.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел