USD
USD
USD

ДДСҰ сарапшысы пандемияны қалай жеңетінімізді айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшысы қандай жағдайда әлем коронавирус пандемиясын жеңетінін айтты.

ДДСҰ сарапшысы пандемияны қалай жеңетінімізді айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан коронавирустың таралу қаупін планетадағы барлық адамның кемінде 80 пайызы вакцина салдырған жағдайда ғана азайтуға болатынын айтты. Оның сөзінше, СOVID-19 пандемиясы аясында кеңінен вакцинамен қамту өте маңызды.

"Қазір ол не болуы керек екені белгісіз. Бірақ біз вирус жұқтыру қаупін едәуір азайту үшін әлем халқының шамамен 80 пайызын вакциналау керек деп болжап отырмыз", - деді Майкл Райан баспасөз мәслихатында.

Сарапшы бұл ереже вирус жұқтырғандар саны аз елдерге де, ауру деңгейі жоғары елдерге де қатысты екенін айтты. Райанның сөзінше, біріншілеріне ашылу қиын болады. Бұл аурудың елден-елге көшуіне байланысты, жаңа ошақ пайда болуы жоққа шығарылмайды.

Бұған дейін ДДҰ басшысы Тедрос Адан Гебреисус СOVID-19 пандемиясын алдағы айларда бақылауға алуға болатынын айтқан еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер