USD
USD
USD

ДДСҰ өкілдері Қытайға барып, коронавирустың шығу себебін зерттейді

  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сарапшылар тобы Қытайға 14 қаңтарда барады. Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

ДДСҰ өкілдері Қытайға барып, коронавирустың шығу себебін зерттейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Делегация «Ковид-19»-дың шығу себебін анықтау үшін зерттеу жүргізбек. Негізі 10 адамнан тұратын топ қаңтар айының басында бару керек еді, бірақ жұмысты бастауға Қытай билігі кедергі жасаған. Сарапшылар 2 апталық карантинге оқшауланады. Сондықтан әрі қарай Ухань қаласына қашан баратыны әзірге белгісіз болып тұр.

ДДСҰ сарапшылар тобының өкілі Марион Купманс: "Індеттің қалай басталғанын мұқият зерттеп, мән-жайды толық анықтауға барымызды саламыз. Вирустың шығуына нақты не себеп болды? Әрине оның қалай шыққанына қатысты бірнеше нұсқа бар. Жарқанаттардан пайда болуы мүмкін. Бірақ болашақта осы вирусқа төтеп беру үшін оның қалай пайда болғанын біліп алуымыз қажет" деді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy