Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ДДСҰ: Медицина мекемелерінің 90% жабылады

  Ауғанстандағы 2300 медициналық мекеменің 90% осы аптада жабылады.

ДДСҰ: Медицина мекемелерінің 90% жабылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Дегенмен халықаралық қауымдастық тұрғындардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті еңсеру үшін қаржылай қолдау және қажетті медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз ету арқылы 500-дей медициналық орталықты жапқызбай ұстап тұруға әрекет қылатынын айтады. Бұдан басқа, алдағы аптада Кабулға Катардан 2 немесе 3 ұшақпен медициналық заттар әкелінбек. Бұлардың ішінде коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестілер және созылмалы ауруларды емдеуге арналған материалдар болады. Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы 13 қыркүйекте Ауғанстанға гуманитарлық көмек беру бойынша Женевада жиналыс өткізеді.

Рик Бреннан, ДДСҰ шығыс жерорта теңізі аймағы кеңсесінің директоры:

– Медициналық мекемелердің жабылуымен елде ауру мен өлім-жітім көбеюі мүмкін. Дүниежүзілік банк, Еуропалық одақ және АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі сияқты 3 донор ережелері бойынша дәл қазір «Талибан» жасақтаған үкіметпен жұмыс істесе алмайды.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш