Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ДДСҰ маскаларға қатысты ұстанымын өзгертті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоғамдық орындарда қорғаныс маскаларын тағуға қатысты ұсынымын жаңартты.

ДДСҰ маскаларға қатысты ұстанымын өзгертті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамандар дүкен, қоғамдық көлік секілді әлеуметтік қашықтықтың сақталуы қиын орындарда бетперде тағып жүруге шақырды. Сондай-ақ коронавирус өршіп тұрған елдерде созылмалы аурулары бар және жасы 60-тан асқан тұрғындарға да маскасыз жүрмеуге кеңес берді. Мамандар сондай-ақ бетперден бөлек әлеуметтік қашықтық пен гигиена ережелерін сақтау қажеттігі туралы да ескертіп отыр. Айта кеткен жөн, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маска сау адамдары вирустан корғамайтыны жайлы айтқан болатын. Бұл ретте оны дәрігерлер мен індет жұқтырған науқастарға ғана тағуға кеңес берілген. ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус: "Бетперде коронавируспен күрес бойынша кешенді шаралардың бірі саналады. Бірақ маска тақтым екен деп, бейқам жүре беруге болмайды. Одан бөлек, қолды жиі жуып, қауіпсіз қашықтықты сақтау керек" деді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА