USD
USD
USD

ДДСҰ мамандары Уханьдағы аурухананы барып көрді

Қытайдың Ухань қаласында коронавирус індетінің шығуын зерттеуге барған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандары жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

ДДСҰ мамандары Уханьдағы аурухананы барып көрді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыдан екі күн бұрын карантиннен шыққан сарапшылар жергілікті аурухананың біріне барып қайтты. Алдағы екі аптада мамандар жергілікті зертханаларды, вирус алғаш тіркелген базарды және өзге де ауруханаларды барып көрмек. Айта кетейік, Халықаралық ұйымның Уханьға өз мамандарын жіберу туралы Қытай билігімен келіссөзі бірнеше айға созылып, тек қаңтардың бас кезінде ғана рұқсат алған болатын. 13 адамнан тұратын сарапшылар тобына АҚШ, Австралия, Германия, Жапония, Ресей және тағы бірнеше елдің мамандары кірген.

Қазір оқып жатыр

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс

Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды

мұнай компаниясы

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир