Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ДДСҰ маймыл шешегінің өршуіне алаңдаулы

  Әлемде маймыл шешегі вирусының өршуіне байланысты ДДСҰ шүғыл комитет отырысын өткізбек. 

ДДСҰ маймыл шешегінің өршуіне алаңдаулы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Онда індеттің қоғамдық денсаулыққа қаншалықты қауіпті екені анықталады. Бұл туралы ұйым басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Оның айтуынша, вирус бұрынғыдан гөрі тез тарап барады. Күні бүгінге дейін маймыл шешегіне 1600 адам шалдыққан. Тағы мың жарым адам осы індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ем қабылдап жатыр. Қауіпті инфекция жаһанның 39 елінде тіркелді. Ал жыл басынан бері маймыл шешегінен 72 адам көз жұмды.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

– Маймыл шешегінің өте тез өршуіне алаңдап отырмыз. Ауру бұған дейін мүлдем тіркелмеген елдерде жайылып барады. Сондай-ақ вирустың бұрынғыға қарағанда өзгергені байқалды. Сол себепті алдағы апта төтенше жағдай бойынша комитет отырысы өтеді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық