USD
USD
USD

ДДСҰ: Маймыл шешегі төтенше жағдай тудырып отырған жоқ

Маймыл безгегінің таралуы «халықаралық деңгейде төтенше жағдай тудырмайды». Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында өткен отырыста осындай қорытынды шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ДДСҰ: Маймыл шешегі төтенше жағдай тудырып отырған жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дегенмен ұйым әлем елдерін инфекцияның "одан әрі таралуын бақылауға ден қою үшін қарқынды күш салуға" шақырды, деп хабарлайды ТАСС.

Бірнеше комитет мүшесі әртүрлі пікір білдіргенімен, отырысқа қатысушылар ДДСҰ бас директорына қазіргі уақытта бұл індет халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ретінде сипатталмауы керек деген ұсыныс беру туралы консенсус бойынша шешім қабылдады.

Алайда босаңсуға болмайды. Вирустың таралуын тежеу үшін алдын алу және жаппай үйлестіру ісі үнемі назарда болуға тиіс. Эпидемиологиялық қадағау, науқастарды емдеу, індетті жұқтырғандармен байланыста болғандарды бақылау мен оқшаулау жұмысы да жүйелі жүргізілуі керек.

Мамыр айынан бері маймыл безгегі 50-ден астам елде 3 мың адамнан анықталған.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси