USD
USD
USD

ДДСҰ коронавирусты жұқтыруға қатысты рекорд тіркеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы 24 сағатта 300 мыңға жуық коронавирус жұқтыру дерегін тіркеді. Бұл пандемия басталғаннан бергі бір тәулік бойынша рекорд көрсеткіш, деп хабарлайды dw.com.

ДДСҰ коронавирусты жұқтыруға қатысты рекорд тіркеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ДДСҰ рекорд көрсеткіш туралы 15 тамызда сенбі күні кешке мәлім етті.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, вирустың жұғуына қатысты көрсеткіштің көп бөлігі статистикаға енбей қалады.

Өйткені вирусты анықтайтын тест жасамайтын мемлекеттер де бар.

ДДСҰ мәліметі бойынша, 24 сағат ішінде 294 мың адам коронавирус жұқтырған. Бұл 31 шілдедегі алдыңғы рекордтан 2 мыңға артық. Жұқтыру дерегі көп тіркелген елдер қатарында АҚШ, Бразилия, Үндістан бар.

Індет басталғаннан бері 21 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 755 мыңнан астам адам өлген.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны