USD
USD
USD

ДДСҰ: Коронавирусқа қарсы екпені мәжбүрлеу дұрыс емес

Халықты коронавирусқа қарсы екпені салуға мәжбүрлеу дұрыс емес.

ДДСҰ: Коронавирусқа қарсы екпені мәжбүрлеу дұрыс емес
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халықты коронавирусқа қарсы екпемен мәжбүрлеп егудің орынына оның дертке қарсы пайдалы екенін түсіндіру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының иммунизация мәселесі жөніндегі басшысы Кэтрин О'Брайен осылай деп мәлімдеді. Бұл адамдардың жұқпалы дертке қарсы ерікті түрде егілудің маңыздылығын түсінуіне көмектеседі. «Бірақ кей жағдайда вирусқа қарсы егілуді талап етуге болады», - дейді мамандар.

ДДСҰ Иммунизация жөніндегі департаментінің басшысы Кейт О'Брайен: "Халықты коронавирусқа қарсы егу ерікті түрде болуы керек деп ойлаймын. Мәжбүрлеу қажет емес. Бірақ оны міндетті түрде салуды талап етілетін жағдай туындауы да мүмкін. Ол енді ең алдымен сол індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге қатысты", - деді. Жұқпалы дертке қарсы жаппай вакцинациялау бүгін Ұлыбританияда басталды. Елдің Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок жаңа вакцина індетке тосқауыл қоятынына сенімді екенін жеткізді. Тұманды Альбион ауруханаларына бұған дейін «Файзер» мен «Байонтек» компаниялары шығарған вакцинаның алғашқы партиясы  жеткізілген. Осы аптада 800 мың доза вакцина егу қарастырылған. Алғаш болып медицина қызметкерлері мен жасы 80-нен асқан қарт адамдар егілмек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy