ДДСҰ: коронавирус біз ойлағаннан да қауіпті болуы мүмкін
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Қытайдан шыққан коронавирус әлемге тез тарап кетуі мүмкін екенін айтып, барлық елдің басшылығын дайын болуға шақырды.
Алматы, NEGE. Ұйым басшысы Тедрос Гебрейус бұл туралы Твиттердегі парақшасында жазған. Оның жазуынша, жаңа вирустың Қытайда болмаған адамдардан да жұғу деректері тіркелген. «Бұл - індет әлемнің барлық түкпіріне тез тарап жатқанынынан хабар береді. Қысқаша айтқанда, біз қазір алып айсбергтің ұшын ғана көріп тұруымыз да мүмкін», - дейді Гебрейус.
Осыған байланысты халықаралық ұйым басшысы әлем елдерін сақ болуға, індеттің таралуына дайын отыруға шақырды. «Бұл дегеніміз ауруду зертханаларда неғұрлым жылдам анықтау, науқастардың оқшаулау мен ауру жұқтырғандарды тезірек табу және денсаулық сақтау саласындағы барлық қорды жұмылдыру дегенді білдіреді», - дейді Гебрейус.

Қазіргі таңда коронавирусты індетті тиімді емдейтін дәрі-дәрмек әлі жасалған жоқ.
Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі коронавирусты тұрғындар үшін үлкен қауіп ретінде атады. Қазір Британияда ауру жұқтырған төрт науқас тіркелді. Елдің бас дәрігері Мэтт Хэнкок коронавирустың пайда болуы мен таралуын адамдардың денсаулығына төнген қатерлі қауіп екенін айтып, оған қоғамның бар мүшесі дайын болуын ескертті.