USD
USD
USD

ДДСҰ: коронавирус әлемнің 73 еліне тарады

ДДСҰ дабыл қақты. Коронавирус әлемнің 73 мемлекетіне тарап үлгерді. 

ДДСҰ: коронавирус әлемнің 73 еліне тарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың өршігуіне байланысты дабыл қақты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
коронавирус

ДДСҰ басшысының сөзінше, қазіргі таңда мамандар бұрын-соңды кездеспеген вирус штамымен күресуде екен. Бүгінгі күні коронавирусқа шалдыққандардың саны 90 000-нан асып, әлемнің 73 мемлекетіне таралып отыр. 

Арты өлімге соғатын вирус Жер шарының Антарктидан бөлек барлық құрлығана тарап отыр. Аурудың ошағы - Ухань қаласы. Қазіргі таңда жұқпалы індеттің өршігуі Оңтүстік Кореяда, Иранда және Италияда байқалуда. Басқа да мемлекеттерде аурудың таралуын алдын алу үшін бірқатар шараларды іске асырып отыр. Мысалы, бірнеше елдерде мектептер мен басқа да оқу орындары жабылып, үйден жұмыс істеу қолға алынуда. Кейбір мемлекеттер, тіпті, өз шекараларын жабуға көшіпті. 

Коронавирустан көз жұмған 172 адам Қытайда тыс мемлекеттердің азаматтары екен. Ал ҚХР-дың өзінде індет 3115 адамның өмірін жалмапты.  

Еске салайық, бұған дейін коронавирустың Эбола індетімен байланысы бар екендігі анықталған еді. 

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме