USD
USD
USD

ДДСҰ: Қытай COVID-19-ға қатысты барлық мәліметті ұсынған жоқ

 Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларына коронавирустың пайда болуына қатысты деректерді ұсынудан бас тартты.

ДДСҰ: Қытай COVID-19-ға қатысты барлық мәліметті ұсынған жоқ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Уханьға барған мамандардың бірі The Wall Street Journal басылымына берген сұхбат барысында айтты. Ғалымның сөзінше, сарапшылар COVID-19-дың қалай шыққанын анықтау үшін Қытайға барғанда ел билігі коронавирус жұқтырудың алғашқы 179 дерегі жайлы мәліметтерді ұсынудан бас тартқан. Оның орнына Қытай тарапы өздері жасаған талдау жұмыстарының нәтижесін көрсетіпті.

Негізі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше елдер қандай да бір ауру бойынша бастапқы ақпаратпен бөлісуі керек. Осылайша, мамандар әр жағдайды жеке-жеке зерттеуге мүмкіндік алады. Айта кетейік, Қытай елі әзірге ғалымның сөзіне ешқандай пікір білдірмей, үнсіз қалып отыр. 

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

Өртке оранған автокөлік

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты