USD
USD
USD

ДДСҰ: Қажет болған жағдайда қайтадан карантин енгізуге дайын болу керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус бүкіл мемлекеттерді халықтың кем дегенде 70%-ын коронавирусқа қарсы екпемен қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда санитариялық шектеулерді қайта енгізуге дайын болуға шақырды.

ДДСҰ: Қажет болған жағдайда қайтадан карантин енгізуге дайын болу керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ДДСҰ мәліметінше, қазір 70% көрсеткішке тек 57 мемлекет қол жеткізді, әлемде вакцинацияның орташа деңгейі – 60%. «Барлық аймақтарда орналасқан 70-ке жуық елде COVID-19 жұқтыру жағдайлары туралы хабарламалар санының өсуі байқалды және бұл әлемде тестілеу күрт төмендеген кезде орын алады», – деді ДДҰ басшысы.

Гебреисус әлемде коронавирустың таралу жолы мен қарқынын болжау мүмкін емес екенін атап өтті. 100% вакцинациялануға тиіс ең осал топтар – медицина мамандары, 60 жастан асқан адамдар және денсаулық жағдайы нашар адамдар. 31 мамырда әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 532 210 230 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 387 804 адамға өсті. Әлемде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны – 6 312 017 адам. Сонымен қатар бүгінде 691 өлім тіркелді. Вирустан толық емделгендер саны: 503 169 548 адам. 

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев