USD
USD
USD

ДДСҰ Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға 1,8 млн доллар бөледі

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

ДДСҰ Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға 1,8 млн доллар бөледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл қаражат медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АИТВ, ЖИТС, туберкулезбен күресу, медицина кадрларын оқыту, халықпен ақпараттық жұмыс және басқа да бағыттар үшін халықаралық ұйым тарапынан сараптамалық, әдіснамалық және техникалық қолдау көрсетуге бағытталатын болады.

Астанада ДДCҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы барысында Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДCҰ Еуропалық бюросының арасында 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

Қазір оқып жатыр

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton