USD
USD
USD

ДДСҰ Қазақстанға 2,7 млн доллар тұратын дәрігерлердің жеке қорғаныс құралдарын жеткізді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық медицина мамандарына жеке қорғаныс құралдарын жіберді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.  

ДДСҰ Қазақстанға 2,7 млн доллар тұратын дәрігерлердің жеке қорғаныс құралдарын жеткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы әуежайына қазақстандық медицина мамандары үшін жеке қорғаныс құралдары тиелген борт келіп қонды. Жеткізілімді Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесі ұйымдастырды. Жүк партиясында медициналық мамандарға арналған қажетті жеке қорғаныс құралдары бар. Респиратор және медицина маскасы (бетперде), бетке арналған қорғаныс экраны мен көзілдірік, сондай-ақ қорғағыш халаттар. 53 тоннадан астам жүктің жалпы бағасы 2,7 млн АҚШ доллары», делінген хабарламада.

«СOVID-19 індетімен күресте медициналық қызметкерлердің басты рөл атқарады. Олар өзін және емделушілерін инфекция жұқтырып алудан қорғауы және инфекцияның қоршаған ортаға таралуына жол бермеу үшін қажетті қорғаныс құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс», - деді Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесінің басшысы Кэролайн Кларинваль. ДДҰ Қазақстанның індетпен күресуіне қолдау көрсету үшін техникалық сараптама жасауға және медициналық жүк жеткізуін жалғастырады.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова