USD
USD
USD

ДДСҰ: Қашықтан оқу балалар психикасына қалай әсер етті?

ДДСҰ пандемияға байланысты қабылданған шектеу шаралары мен қашықтан оқу балалар психикасына әсер ете ме?

ДДСҰ: Қашықтан оқу балалар психикасына қалай әсер етті?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. COVID-19 пандемиясына байланысты қабылданған шектеу шаралары, оның ішінде қашықтан оқытуға көшу балалардың психикалық денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Бірақ оның ұзақ мерзімді салдарын зерттеу қажет. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының психоактивті заттар және аддиктивті мінез-құлық саласындағы маманы Владимир Позняк айтты, деп хабарлады РИА Новости.

«Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер COVID-19 пандемиясының психоәлеуметтік әсеріне осал. Өйткені балалық және жасөспірімдік кезеңдер нейробиологиялық, мінез-құлық және әлеуметтік дамудың маңызды кезеңі болып табылады. Жасөспірім кезеңде құрбы-құрдастырымен өзара байланыс, олардың әсері өте маңызды. Физикалық дистанциялық шаралар мен COVID-19 таралуын тежеуге бағытталған шаралар балалар мен жасөспірімдердің құрдастарымен өзара байланыс орнату қабілетін төмендетеді, бұл психикалық денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін», - деді Позняк.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт