USD
USD
USD

ДДСҰ басшысы Жүрсін Ерманды құттықтады: Құдалығымыз мәңгілік болсын!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус белгілі ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтап, бір ауыз өлеңін жатқа оқыды.

ДДСҰ басшысы Жүрсін Ерманды құттықтады: Құдалығымыз мәңгілік болсын!
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Facebook -тегі парақшасында ерекше жазба жариялады. «Congratulations Zhursin Yerman Kuda! Құтты болсын, Жүрсін Ерман Құда!» деп басталатын жазбаның астында қазақи шапан мен бөрік киген ДДСҰ басшысының Жүрсін Ерманды мерейтойымен қазақ тілінде құттықтаған видеосы салынған.

«Құрметті Жүрсін құда! Мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор болсын! Өмір ұзақ болсын! Құдалығымыз мәңгілік болсын!

Арбаса нәпсі-ыбылыс,
Алаңдай берем ұлып іш.
Көңілге неге сыймайсың,
Көзіме сыйған құбылыс?!»,
– дейді Тедрос Гебрейесус.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі