USD
USD
USD

ДДСҰ басшысы оқшауланды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесусқа коронавирус инфекциясын жұқтырып алған адаммен байланыста болған соң өз-өзін оқшаулауға тура келді.

ДДСҰ басшысы оқшауланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Менің COVID-19 вирусына шалдыққан адаммен байланыста болғаным анықталды. Мен өзімді жақсы сезініп жүрмін, аурудың белгілері жоқ, бірақ ДДСҰ хаттамаларына сәйкес, алдағы күндері мен өз-өзімді оқшаулап, үйден жұмыс істейтін болдым», - деп жазды ДДСҰ басшысы әлеуметтік желіде. «Біз денсаулық сақтау бойынша барлық кеңестерді сақтап жүруіміз өте маңызды. COVID-19 вирусының таралу тізбегін осылайша үзіп, денсаулық сақтау жүйелерін дәл осылай қорғап қала аламыз», - деп атап өтті Тедрос Аданом Гебрейесус.

«ДДСҰ-дағы әріптестерім және мен адамдардың өмірін қорғап, сақтап қалу үшін ынтттымақтастық белгісі ретінде, серіктес ретінде ары қарай араласамыз» - деп қосып өтті ол.

ДДСҰ мәліметінше, пандемия басталғалы, әлемде 46 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Қауіпті вирус ғаламшардағы 1,1 миллионнан астам адамның өмірін қиып әкетті.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков