Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ДДСҰ басшысы күзде болатын жаңа пандемияға дайындалуға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус күзде жаңа пандемияға дайындыққа шақырды.

ДДСҰ басшысы күзде болатын жаңа пандемияға дайындалуға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ДДСҰ басшысы Женевада ұйымның Twitter -дегі ресми парақшасында жарияланған брифингте айтты.

"Келесі үш ай алдағы уақытта болатын пандемияға дайындықтың ең маңызды кезеңі болады", – деді Гебрейесус.

Гебрейесус барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды, қорғаныс маскаларын киюді және мүмкіндігінше COVID-19 вакцинасын алуды ұсынды.

"Ешқандай төте жол жоқ. ДДСҰ денсаулыққа дәлелденген әлеуметтік шаралар мен COVID-19-ға қарсы әділ вакцинациялауды қамтитын тәуекелге негізделген кешенді әдісті ұсынуды жалғастыруда", – деді ол.

Гебрейюс әлемде COVID-19 таралу деңгейі өте жоғары деңгейде тұрақтанғанын айтты.

"Әлемде күн сайын анықталатын жағдайлардың саны бойынша жағдай тұрақталды”, – дейді ол. 

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш