USD
USD
USD

ДДСҰ: Ауызашар онлайн өтуі керек

Қасиетті Рамазан айында мұсылман қауымы ауызашарды туыстарымен онлайн режимде немесе бейнебайланыс арқылы өткізуі керек, деп хабарлайды.

ДДСҰ: Ауызашар онлайн өтуі керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия жағдайындағы Оразаға қатысты осындай мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, өзін жайсыз сезінгендер, 65 жастан асқандар адам көп шоғырланатын жерлерге бармауы керек. Қалған жағдайда, бір метр қашықтықты сақтап, ишара арқылы, яғни бас изеп, қол көтеріп немесе қолды жүрекке қою арқылы амандасуы қажет. Ауыз бекіту кезінде адамдардың иммунитеті әлсіреуі мүмкін. Сондықтан денсаулық сақтау ұйымы рационға көкөніс пен жеміс-жидекті қосып, сұйықтықты көп ішуді ұсынды. Темекі сынды, зиянды әдеттен арылуға шақырды. Ораза айында онсызда организм әлсірейді. Ал қауіпті коронавирус дәл осындай иммунитеті әлсіз адамдарға жұғатынын ұмытпау керектігі айтылды. Бұл ұсыныстар тізімін БҰҰ-да қолдап отыр.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш: "Қазір христандар «Пасханы», еврейлер «Песахты» тойлап жатыр. Жақын күндері мұсылмандардың «Рамазан айы» да басталады. Бұл орайда барлық дін өкілдерін бірігіп, алдымен қауіпсіздік шараларына мұқият болуға шақырамын" деді.

  Иә, бұл мерекелерде жақындар жиналып, сағынышын басады. Бірге тамақтанады. Түрлі кештер ұйымдастырады. Дегенмен, биыл пандемия жағдайында өткендіктен, барлық ұсынылған нұсаулықты орындауға шақырды. Мекке мен Медина қалалары да «Рамазан» айында жабық күйінде қалады. Айта кетейік, бұл шаһарлар 20-шы наурыз күні коронавирустың дендеуіне байланысты жабылған еді. Содан бері қажылыққа келуге рұқсат жоқ, мешіттер бос тұр. Сауд Арабиясының билігі тұрғындарды, бес уақыт және тарауих намазын Ораза күндері де үйде оқуға шақырды. Елде тек Азан шақыруға рұқсат етілген.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет