USD
USD
USD

ДДСҰ арнайы топ құрмақ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты қайтадан жұқтыру деректеріне байланысты арнайы топ құрмақ, – деп хабарлайды РИА Новости. 

ДДСҰ арнайы топ құрмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ДДСҰ жедел аурулар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керхованың айтуынша, ұйымда адамда күшті иммунитетті дамытуға қатысты мәліметтер бар.

«Біз көптеген елдегі коронавирусты қайтадан жұқтыру деректері туралы хабардармыз. Қайтадан жұқтыру бойынша арнайы тобымыз бар. Себебі оған қатысты сұрақ көп. Қазіргі сәтте біраз елден хабар түсіп жатыр, бірақ халықтың қанша пайызы коронавирусты қайтадан жұқтыруына байланысты нақты баға бере алмаймыз. Ең негізгі мәселе бірінші және екінші рет жұқтырғаннан кейін қандай иммундық жауап қалыптасатындығында. Антидененің саны өсе ме және жалпы не болып жатқандығында», – деді ол. 

ДДСҰ тағы бір мәселе – коронавирусты қайтадан жұқтыру қаншалықты қауіпті екенін анықтау екенін айтады. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылуда – Энергетика министрлігі

Ерлан Ақкенженов

Атырау МӨЗ-дегі шығарындылар дауы: кәсіпорын не дейді?

мұнай өңдеу

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева