USD
USD
USD

ДДСҰ әлемде пандемия жағдайы тұрақтанғанын мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары тұрақтанғанын мәлімдеді.

ДДСҰ әлемде пандемия жағдайы тұрақтанғанын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Майкл Рейннің айтуынша, соңғы екі аптадағы ауру кестесіне қараса, тұрақтылық келгенін байқауға болады.

Сондай-ақ, ол қазір COVID-19 таралуының жағдайы екі-үш ай бұрынғыға қарағанда жақсырақ деген пікір білдірді.

Алайда Райан әр елде жағдай айтарлықтай әр түрлі екенін айтты: бірнеше мемлекете вирус жұқтырудың күрт төмендеуі байқалады, ал басқаларында жаңа жағдайлардың саны өсіп жатыр. Оның пікірінше, бұл коронавирустың жаңа штамдарының таралуы, эпидемияға қарсы шараларды жеңілдету мен адамдар арасындағы байланыстың артуы сияқты бірқатар факторға байланысты.

ДДСҰ Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мария ван Керкхове әлемде коронавирус инфекциясының таралу жағдайын "екіұшты" деп сипаттады. Оның айтуынша, инфекцияның жаңа жағдайларының төмендеуі Америкада тіркелді, бірақ басқа континенттерде жұқтырғандар саны артып барады.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

.

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

.

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

.

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар