ДДСҰ: Әлемде дәрігерлер тапшылығы күшейеді
Алдағы 10 жылда пандемия салдарынан әлемде миллиондаған медицина қызметкері тапшы болады.
Алматы, NEGE. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп отыр. Себебі бір жылдан астам уақытқа созылып келе жатқан індет дәрігерлердің психикалық жағдайына ауыр соққы болып тиген. Коронавирус таралғалы олар індетпен алдыңғы шепте күресіп, көбі түрлі жағдайда қызметін тастап кетуге мәжбүр болған.
Сарапшылар енді денсаулық сақтау саласының өкілдерін халықты вакциналау бойынша туындаған мәселелер де көптеп алаңдатып отырғанын айтады. Өйткені егер бай елдерде жұқпалы дертке қарсы халықтың басым бөлігі егіліп, шектеулер алынып жатса, кедей елдерде әлі препараттар қолжетімсіз.
Қазір оқып жатыр
Kaspi Gold енді Google Pay-да – Қазақстанда және шетелде төлем жасауға болады
Құрылтай жалпыұлттық деңгейдегі ашық диалог алаңы ретінде қызмет етуі тиіс – Президент
ҚХП-ның жаңа төрағасы: Дариға Назарбаевамен ешқандай туыстығым жоқ
Тоқаев: Үкімет инфляцияны төмендетіп, экономиканы жаңа үлгіге көшіруі керек