USD
USD
USD

ДДСҰ: Африкадағы жағдай алаңдатарлық

Африкада Эбола безгегімен салыстырғанда коронавирустан көп адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл жантүршігерлік мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасады.

ДДСҰ: Африкадағы жағдай алаңдатарлық
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрлықта Эбола безгегі 2014-2016 жылдары өршіп кеткен еді. Салдарынан Батыс Африкада 11308 адам қайтыс болған. Ал енді «Ковид-19» құрбандарының саны 12 мыңға жуықтаған. Гамбияда эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты төтенше жағдай тәртібі тағы да ұзартылды.  Індеттен әсіресе Оңтүстік Африка Республикасы қатты зардап шегіп отыр. Мұнда расталған деректер саны 200 мыңнан асады. Бүкіл құрлық бойынша да ең көп көз жұмғандар – осы елдің азаматтары.

Оңтүстік Африка Республикасының президенті Матамела Сирил Рамафоса: "Бұған дейін Африкада коронавирустың таралу деңгейі өзге құрлықтармен салыстырғанда әлдеқайда төмен болатын. Алайда денсаулық сақтау саласы жақсы дамымағандықтан, ресурстар тапшылығы мен экономикалық қиындықтар кесірінен бізде індет өршіп барады" деді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға