USD
USD
USD

ДДСҰ: Африкада тарап жатқан Эбола індетінің қаупі қандай?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары Конго Демократиялық Республикасы мен Гвинеядағы Эбола індеті туралы мәліметтерді зерттеді.

ДДСҰ: Африкада тарап жатқан Эбола індетінің қаупі қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұйым аурудың өршуі аймақтық қауіп төндіреді деп санайды.

Женевада өткен брифингте ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан ұйымның Эбола ауруына қарсы іс-қимылдарды үйлестіру үшін аймақтың көптеген елінің билігімен байланысқанын және оларға қолдау көрсетуге тырысып жатқанын атап өтті.

"Гвинея, Сьерра-Леоне, Кот-д' Ивуар және басқа елдер шұғыл әрекет етті. Бұл дұрыс тәсіл. Бізге аймақтық биліктің басшылығымен келісілген шаралар қажет, өйткені бұл ауру аймақтық қауіпке айналды. Енді біздің әрекеттерімізді үйлестіру қажет. ДДСҰ жабдықтар мен мамандарға көмек көрсетуге дайын", - деді Райан.

Бұған дейін Гвинеяда Эбола індеті басталғаны туралы жариялады.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Eni және Baker Hughes компаниялары басшылығымен кездесті

кездесу

Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызға белгіленді

Сайлау туралы заң

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-әкім Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын көрсетті

Жақсылық Омар

Теңге әлемдегі долларға қатысты нығайған валюталар бестігіне енді

теңге