USD
USD
USD

ДДСҰ: 30-дан астам елде вакцинация басталды

Әлемде 30-дан астам ел коронавирусқа қарсы вакцинацияны бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

ДДСҰ: 30-дан астам елде вакцинация басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екпе бірінші кезекте денсаулығына үлкен қауіп төніп тұрған адамдарға салынып жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас хатшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Сондай-ақ ол вакцинаны жекелеген елдер ғана иеленбей, бүкіл әлем үшін қолжетімді ету керек деп ескертті. Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Файзер» және «Байонтек» екпесін мақұлдаған болатын. Халықаралық қауымдастық қазір жаңа 2 вакцинаның тиімділігін тексеріп жатыр. Қаңтар айының соңына дейін тағы 3 екпе сынақтан өтуі тиіс.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас хатшысы:

– Барлық елдің үкіметтерінен бірлесіп жұмыс істеуді және вакцинаны әлем бойынша тең көлемде таратуға үлес қосуды талап етемін. Сондай-ақ фармацевтикалық топтардың бәрі екпені жеткізу ісін мейлінше тездетуі керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік банктің жүздеген бастамасы жүзден астам елді қолдауға бағытталуда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy