USD
USD
USD

«Даяшының бәрі қазақша түсінеді»: Ләйлә Сұлтанқызы халықты ана тілімізде сөйлеуге шақырды

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы оқырмандарын қазақша сөйлеуге үгіттеді.

«Даяшының бәрі қазақша түсінеді»: Ләйлә Сұлтанқызы халықты ана тілімізде сөйлеуге шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сөзінше, әсіресе көпшілік мейрамханаларға барғанда қазақша түсінетін даяршыларға орысша сөйлеседі. Тележүргізуші тіліміздің қолданысын кеңейтуге кеңес берді. Ләйлә Сұлтанқызы қазақ тілінің көркемдігі сонша кез келген жерде сауданы да өткізіп, адам жанына жылы әсер беретінін айтты.

«Сенбі ғой, бала-шағаны жаттығу залына жіберіп, жапон ресторанына бардық. Іші адамға толы екен. Даяршы қазақтың қызы, орысшаға судай, менюды түсіндіре бастады. Қазақша сөйлей бастап едім, апай, мына суши күшті, сашимидің дәмі тіліңізді үйіреді, сорпаларындағы калория төмен, балықты сондай жерден арнайы алдырамыз деп жарнамалағанда барлығын жегім келді», – деп жазды журналист.

Журналист тілімізді тұншықтырмай, қысылмай сөлеуге үгіттеді.

«Сіңлімнің іші толып қалған-ау, жиі келіп тұрыңызшы, мұнда қазақша сөйлейтіндер аз келеді деп шығарып салды. Мейрамханаға барсаңдар қазақша сөйлеңдерші өтініш, даяршының бәрі негізі қазақша түсінеді және сөйлейдә», – деп қосты ол.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев