USD
USD
USD

Davis Cup: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға шықты

Нью-Дели (Үндістан) қаласында теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Davis Cup кубогы (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты.

Davis Cup: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жарыстың екінші күні қазақстандық жасөспірімдер Вьетнам құрамасын 2:1 есебімен ұтты.

Бірінші ойында Әмір Омарханов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0.

Тартысты өрбіген екінші матчта Данир Қалдыбеков те үмітті ақтады – 2:6, 6:2, 6:3. Ештеңені шешпейтін үшінші бәсекеде Ә.Омарханов пен Виталий Зацепин ұтылып қалды.

Осылайша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Ертең қазақстандықтар D тобындағы соңғы матчын Таиландпен өткізеді.

Ширек финал жеребесі 13 сәуір күні кешкісін тартылады. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте 45 минут ыстық ұшақта отырған жолаушы FlyArystan-нан 200 мың теңге өндіріп алды

FlyArystan

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат