USD
USD
USD

Дәурен Абаев: «Сөзтүзер» сөздігі туған тілді тұғырына нық қондыруға арналған нақты жоба

«Сөзтүзер» сөздігі туған тілді тұғырына нық қондыруға арналған нақты жоба. Бұл туралы аталған сөздің тұсаукесеріне арналған іс-шара барысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев айтты.

Дәурен Абаев: «Сөзтүзер» сөздігі туған тілді тұғырына нық қондыруға арналған нақты жоба
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сөзтүзер» сөздігі туған тілді тұғырына нық қондыруға арналған нақты жоба. Оның маңызы да ерекше. Себебі бұқаралық ақпарат құралдары тілді қалай қолданса, қоғамның, әсіресе балалардың тілі солай қалыптасады. Бұл кино, сериал және мультфильмдегі аудармаларға да қатысты. Сондықтан тіл тазалағы — түптеп келгенде ұлт келешегінің мәселесі. Осы орайда сөздік жасау үшін арнаулы жұмыс тобы құрылды. Оған еліміздегі белгілі ғалымдар мен тіл мамандары, жас редакторлар мен аудармашылар кірді. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, өте ауқымды жұмыстар жүргізілді. Елімізге тарайтын елуден астам республикалық БАҚ-қа мониторинг жасалып, мыңдаған қате қолданыс анықталды. Олар жан-жақты талданып, жіктелді», — деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл сөздік ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдарына, университеттерге, мемлекеттік органдарға таратылады.

«Жыл соңына дейін арнаулы сайтқа салуды көздеп отырмыз. Сондықтан бұл жұмыстың басы деп есептейміз.Мұнан бөлек, Білім және ғылым министрлігі сөздікті мемлекеттік тапсырыс аясында жеткілікті деңгейде шығаруды жоспарлап отыр. Жұмыс тобы мүшелерінің журналистерге, баспасөз хатшыларына, баяндама жазатын спичрайтер мамандарға арналған шеберлік сабақтарын ұйымдастыру қажет», -деді Дәурен Абаев.

ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлының жетекшілігімен жарық көрген сөздікте республикалық БАҚ-тан жиналған қате қолданыстар сөз, сөз тіркесі түрінде нақты мысалдармен берілген. Берілген мысалдардың лексикалық, грамматикалық, орфографиялық,орфоэпиялық, пунктуациялық, стильдік қатенің қай түріне жататындығы көрсетіледі. Ондай қателерге жол берілуінің себептері айқындалып, қолданылуы тиіс дұрыс нұсқасы ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстаннан шыққан жас актриса Голливудты бағындыруда

Аяжан

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Ит

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қылмыстық топ

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған