USD
USD
USD

Дәурен Абаев Президент Жолдауындағы бейбіт атом бастамасының мәнін түсіндірді

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог 2» сұхбатының кезекті санында Президент Жолдауында айтылған бейбіт атом бастамасының мәнін түсіндірді.

Дәурен Абаев Президент Жолдауындағы бейбіт атом бастамасының мәнін түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Президент қауіпсіз әрі экологиялық атом энергетикасын дамытудың мүмкіндігін зерделеуді міндет етіп қойды. Дәл қазір тек зерделеу мәселесі ғана тұр. Ешкім қазір және дәл осы жерде шешім қабылда деп отырған жоқ.

Екінші жағынан келсек, бәріміз энергиямен жабдықтау саласында проблема бар екенін және оның жыл сайын артып келе жатқанын түсінуіміз керек. Неге? Өйткені елдің экономикасы, халқының саны өсіп келеді. Сондықтан энергиямен жабдықтау мәселесі жыл сайын өзекті бола түседі», – деген Дәурен Абаев энергиямен жабдықтау саласындағы проблемалардың алғышарттары қазірдің өзінде сезіле бастағанын атады.

«Бұған ешкімнің дауы жоқ шығар және бәрі түсініп отырған да шығар. Өйткені өздері де осы мәселемен бетпе-бет келіп жатады. Жылыту маусымдары бұл мәселенің бар екенін көрсетіп отыр. Мысалы, бір өңірде көмір тапшылығы пайда болса, келесі өңірде бағасы шарықтап жатады. Тағы бір өңірде электр жарығы үзіле береді деген сияқты.

Жаңа ғана айтқанымдай, тұтыну көлемі өскен сайын бұл мәселені зерделемей болмайды. Ол мәселені шешудің бір жолы – бейбіт атом. Президент сондықтан осы мәселені пысықтауды тапсырды», – деді Президет әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты