USD
USD
USD

Абаев Алғыс айту күні қарсаңында бейнеролик жариялады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында «Біз біргеміз!» бейнероликтер топтамасын жариялады.

Абаев Алғыс айту күні қарсаңында бейнеролик жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгіннен бастап парақшамда «Біз біргеміз!» бейнероликтер топтамасын жариялаймын. Жобаны біздің Министрлік «О.Ү.Media» продакшн-студиясымен бірге «Хабар» Агенттігінің қатысуымен жасады. Бұл – қазақ өнері, әдебиеті, білім беру мен ауыл шаруашылығы саласындағы біртуар тұлғалар туралы көлемі шағын, алайда мәні терең дүниелер. Ол тұлғалардың барлығы да қазаққа өлшеусіз еңбек сіңіріп, «ұлттық кодының» сақталуына, дамуына зор үлес қосқан өзге этнос өкілдері», - деп жазды Абаев.

Бейнероликтер Герольд Бельгер, Александр Затаевич, Александр Бараев, Нина Патрушева, Евгений Брусиловский және тағы да бірқатар қайраткерлердің оқиғаларын баяндайды.

«Өздеріңіз білетіндей, «Алғыс айту» күні таяп қалды. Ол – бірлік пен мейірімділік мерекесі, Қазақстан халқының ортақ тарихымызға салауат айтып, келешекке ынтымақты аманат ететін мейрамы», -деп атап өтті.

Жобаның мақсаты бабалар ерлігін балалар жадында жаңғырту және бүгінгі егемен елімізді құруға атсалысқан барлық жандарға алғыс айту.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Ильяр Ювашев

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Алматы

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Колумбияда әскери ұшақ апат

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

Кеден