USD
USD
USD

Дәурен Қосанов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Дәурен Қосанов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Дәурен Қосанов 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы, ҚазКСР, Краснокут ауданы, Новотроицкое ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, Әскери-әуе академиясын бітірген.

Үшарал жауынгерлік полкінде қызмет етті.

Талдықорғандағы «Су-27» эскадрильясының командирі болды.

Қарағанды авиабазасы штабының бастығы;

Шымкент авиабазасының командирі;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы;

Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды

«Әскери ұшқыш мерген». II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

Әбілқасымова бизнесті несиелендіруге зейнетақы қаражатын көбірек тартуды ұсынды

Мәдина Әбілқасымова

29 алаяқтық дерегіне қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы алматылық қыз ұсталды

Кісен

Вице-министр ұшақта шетел азаматына көмек көрсетті

Медициналық көмек

Ақтөбедегі кафеде газ жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбедегі кафе жарылысы