USD
USD
USD

Дәулет Тұрлыханов лауазымды қызметке тағайындалды

Азия күрес федерациясының президенті және UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дәулет Тұрлыханов лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Күрес федерациясының кезектен тыс конференциясында спорт құрылымының экс-президенті Ерлан Қожасбай қызметінен кету туралы шешім қабылдап, Дәулет Тұрлыхановтың кандидатурасын ұсынды. Конференцияға қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Тұрлыханов федерация президенті болып сайланды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Тұрлыханов аталған федерацияның вице-президенті қызметін атқарған.

Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің балуаны, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сонымен қатар, Дәулет Тұрлыханов 1989 жылғы әлем чемпионы және 1993 жылғы әлем вице-чемпионы, 1995 жылғы Еуропа және Азия чемпионы, Олимпиаданың күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері, сегіз дүркін КСРО чемпионы.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан