USD
USD
USD

Азия күрес кеңесінің президенті кім болды?

Күрес түрлерінен Алматыда Олимпиадалық іріктеу жарысы аяқталғаннан кейін, Азия біріккен күрес әлемінің сайлау конгресі өтті.

Азия күрес кеңесінің президенті кім болды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жиында құрлық федерациясының төрт жылда атқарылған есебі тыңдалды. Біріккен күрес әлемінің президенті Ненад Лалович Токио ойындарына тиесілі жолдаманың 75 проценті өз иесін тапқанын атап өтті. Әрі Қазақстанның әлем чемпионаты мен құрлықтық іріктеу жарысын жоғары деңгейде ұйымдастырғанына алғыс білдірді. Жиында Азия біріккен күрес әлемінің президенті мен атқару мүшелері сайланды. Жеті елдің мамандары бірауыздан Дәулет Тұрлыхановқа дауыс берді. Еліміздің даңқты балуаны төрт жылдан бері Азия біріккен күрес әлемін басқарып келді.

 "Сайлау конгресі – төрт жылда бір болып тұратын сайлау. Екінші рет сайлауға түсіп жеңіске жетіп отырмын" деді  Дәулет Тұрлыханов. 

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент