USD
USD
USD

Дәулет Бекманов Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов берген өтінішіне сәйкес ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Дәулет Бекманов Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәулет Бекманов 1983 жылы дүниеге келген. Ол «Мирас» университетін, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Еңбек жолын жеке ұйымда инженер-жүйе технигі қызметінен бастады.

Әр жылдары «ҰАТ» АҚ, Байланыс және ақпарат, Көлік және коммуникациялар, Инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.

2018-2020 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны