USD
USD
USD

Дәулет Тұрлыхановтың ұлын қадағаламаған пробация қызметкерлері жазалана ма?

Бұл сауалға Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жауап берді. 

Нұрасыл Болат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Журналистер министрдің орынбасарына: «Мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың ұлының сынақ мерзімін үш рет бұзуына байланысты Ішкі істер министрлігі қызметтік тексеріс жүргізе ме?» деген сұрақ қойды.

«Біз қызметтік тексеріс жүргіздік. Қатаң шаралар қолданылды, қызметкерлеріміз жазаланды», - деп мәлімдеді Лепеха.

Алайда қалай жазалағаны туралы ашып айтқан жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, Сот Нұрасыл Болатқа қатысты бас бостандығын шектеу мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы үкім шығарды. Ол 1 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды.

Енді ол жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы