USD
USD
USD

Дауылды ескертуді елемей Көкжайлау шатқалына шыққан алматылық жігіт құтқарылды

Көкжайлауға саяхаттап шыққан ер адам ол арада шатыр орнатып, түнемек болған. Бірақ жабайы аңдардың бақырған-шақырған дауысын естіп, түн ұйқысы төрт бөлінген ол жоғары қарай жылжи беруді жөн көреді, бірақ аяғын жарақаттап, орта жолда қалған.

Дауылды ескертуді елемей Көкжайлау шатқалына шыққан алматылық жігіт құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматының құтқару қызметінің қызметкерлері зардап шеккен қала тұрғынын Көкжайлау шатқалынан тапты.

Құтқарушылар тобы әбден тонып қалған 24 жастағы ер адамды сағат 00:19-да 2 850 метр биіктіктен тапты. Турист аяғын жарақаттап алған, құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны қалаға эвакуациялады.

Туристтің айтуынша, ол бірнеше күнін тауда өткізгісі келіп, маршрутын алдын-ала жоспарлап шығыпты. 

Көкжайлау шатқалына ол күндіз көтеріліп, түнді биіктікте өткізуді, ал келесі күні белгіленген маршрут бойынша тағы да жоғарыға шығуды жалғастырып отыруды көздеген. Тоқтаған жерінде шатыр орнатқан, бірақ онда түней алмаған. Жабайы аңдардың бақырған-шақырған дауысын естіп, түн ұйқысы төрт бөлінген ол жоғары қарай жылжи беруді жөн көреді, бірақ аяғын жарақаттап, орта жолда қалған 

Алматының құтқару қызметі алдағы күндерге қатысты жарияланған дауылды ескертуді еске салады. Тауларда қар жауып, бұршақ түседі, сондай-ақ қатты жел тұрады деп күтіледі. Орын алуы ықтимал төтенше жағдайды болдырмас үшін құтқарушылар алматылықтарға тауға саяхатқа шықпай тұра тұруға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер