USD
USD
USD

Дауылды ескерту жарияланды

7 шілдеде еліміздің сегіз облысында дауылды ескерту жарияланды.

Дауылды ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с болады. АлматыдаҚонаевта күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с болады.

Орталықта, Қызылорда облысыныңсолтүстігінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз оңтүстік-батыста, Ақтөбе облысының орталығында солтүстіктен жел соғады, солтүстік-батыстан екпіні 15 м/с күтіледі.

Күндіз солтүстікте, Түркістан облысыныңтауларында найзағай ойнап, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде батыстан соғатын желдің күші 15-20 болады, күндіз таулы аймақтарда 23 м/с жел соғады. Түркістанда кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с болады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова

Астанада екінші әуежайдың құрылысы келесі жылы басталады

Астана әуежайы

Қазақстанда AI мамандарын даярлайтын жаңа университет ашылады

Жаслан Мәдиев

Жаңа ақпараттық жүйелерді әзірлеуге мораторий енгізілді – Мәдиев

комиссия