USD
USD
USD

Дәстүрлі «Таза қала» акциясы өтті

Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шарасы аясында жалпықалалық сенбілік - «Таза қала» акциясы өтті.

Дәстүрлі «Таза қала» акциясы өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Дәстүрлі іс-шарада барлық аудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Жеке кәсіпкерлер, қала аумағында орналасқан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ қала тұрғындары жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.

Еңбекші ауданында сенбілікке 7 мыңнан астам адам, 15 техника жұмылдырылып, 2500 ағаш көшеті (терек, ясень, қарағаш) отырғызылды. Атап айтқанда, «Мұнай өңдеу зауыты» аумағы, Сайрам көшесінің бойына ағаш көшеттерін отырғызу, «Фосфор» мәдениет сарайының аумағына санитарлық тазалау, қоқыстарды шығару, жапырақ үйінділерін алу жұмыстары жүргізілді.

Қала көркі - тазалықта. Барша қала тұрғындарын аулалар мен іргелес аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуге және қоқыстарды арнайы орындарға шығаруға шақырамыз.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.